Атырау, 24 қараша 04:55
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жолдар жөнделуде

2 845 просмотра

Көктем келісімен аудандарда жол жөндеу жұмысы қарқын ала бастады.

Мәселен, Мақат ауданына 661 млн. теңге бөлініп, ауданға кіреберіс 45 мың текше метрі мен кентішілік жолдарды жөндеу қолға алына бастаған. Десек те Мақат кентіне кіреберіс жолдың біразы республикаға қарағандықтан ол кейінге қалған. Ал Жылой ауданында жиырмаға жуық көше жөнделе келген. Сондай ақ Индер, Исатай, Махамбет аудандарындағы селоішілік жолдар жұмысы басталып кеткен. Дегенмен Исатай ауданындағы Жанбай, Тұщы-құдық, Х. Ерғалиев, Исатай селоларының ішкі жолдарына да қаржы бөлінген. Миялы-Сағыз жолы мен Құрманғазы ауданындағы Ақкөл селосына дейінгі жолдарды жөндеуге де биыл қомақты қаржы бөлініп, жұмыстар басталып та кеткен.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 мамыр 2011, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.