Атырау, 6 қазан 12:39
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Контрабандалық жәдігерлер олжаға айналды

4 094 просмотра

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жаңа жәдігерлермен – ХІХ ғасырдың жез ыдыстарымен толықты.

Бұл өзгеше хикая еді. Өткен жылдың сәуір айында «Ташкент-Санкт-Петербург» пойызында «Котяевка» бекетінен шекарашылар контрабандалық жүкті ұстаған еді. Тарихи құндылыққа ие болуы мүмкін деген кейбір заттар оларды назарларын аударған. Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының комиссиясы осы фактіні растады. «Мәселен, тулалық самаурын Баташев фабрикасында шығарылған. Онда «Товарищество паровой самоварной фабрики наследников Василия Степановича Баташева»және«1898» деген белгі болған. Қақпағы бар легенде «Фабрика Павла Калинина. Москва» деген таңба соғылған. Қолдан жасалған ыдыстар да - құлағы бар шелек, жайпақ табақ, легендер және т.б. бар екен. Барлығы 21 зат болды», - деп әңгімелейді мұражайдың бас сақтаушысы Бақтыгүл ХАСАНОВА.

Үйреншікті атаумен аталғанына қарамастан, өзгеше пішіндегі шелек немесе легенді нағыз өнер туындысы дерсің. Оның үстіне олар айқыш-ұйқыш көз тартар өрнектермен әшекейленген. Мұражай мамандарының айтуынша, жәдігерлердің құндылығы дайындалған уақытымен белгіленеді. Ал 100 жылдан асқан заттар тарихи жәдігер деп есептеледі екен. Әсіресе дайындалу құпиясы белгісіз қолдан жасалған заттар бағаланады.

Шекара арқылы бағалы ыдысты алып өтпек болған жолаушыларға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Ал тәркіленген заттар мұражайға тапсырылды. Оларды әлдебір тақырыптық экспозициялар кезінде көруіміз мүмкін.

Зульфия ИСКАЛИЕВА   

Суретті түсірген В.Истомин  

11 мамыр 2011, 21:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.