Атырау, 12 қазан 14:08
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Мұсылман зираттарын бүлдіргендердің соты басталды

3 346 просмотра

Кеше зираттарды бүлдіргендердің үстінен сот процесі басталды.Естеріңізде болса, 11 қаңтарда орталық «Ноғай» мұсылман зиратындағы он бес бейіттегі қайтыс болған адамдардың суреттері мен есімдері жазылған  мрамор тақталары қиратылған болатын. Тағы бір осындай бүлікшілік жайт элеватор ауданындағы зиратта да орын алған еді.

Біздің өлкемізде бұрын-соңды болып көрмеген бұл қылмыс жұртшылықтың алаңдауын туғызды және ол полиция мен арнаулы қызметтерден істі тез арада анықтау  шараларын жүзеге асыруды талап етті.  Көп ұзамай-ақ, 26 қаңтарда күш құрылымдары элеватор ауданындағы зиратты бүлдірген деген күдікпен  бір  топтың қолға түскенін хабарлады. Бірнеше күннен кейін «Ноғай» зиратын бүлдірушілер деген айыппен тағы да бес адам қамауға алынды. Олардың барлығы да 19 жасқа дейінгі оқушылар мен жұмыс жасамайтын жастар. Облыс орталығының және Махамбет поселкесінің тұрғындары. Тергеу болжамы бойынша, қылмысқа баруға  бейіттерде өлген адамдардың бейнесін салуға тыйым салған діни көзқарас себеп болған.

Бізге қала прокуроры Халидолла ДӘУЕШОВТІҢ хабарлағанындай, кеше №2 қалалық сотта айыпталушылар орындығына «Ноғай» бейітін бүлдірген бес адам отырды. Оларға ҚР ҚК 275-бабының 1 және 2-ші бөлімі бойынша, атап айтқанда,- «өлгендердің мәйіттерін қорлау  не олар жерленген жерлерді, құлпытас  құрылыстарын немесе жерлеуге немесе оларды еске алуға байланысты рәсімдер өткізуге арналған зират үйлерін жою, бүлдіру немесе аяққа басу және  адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан  адамдар тобы  немесе ұйымдасқан  топ жасаған, ұлттық, нәсілдік немесе діни өшпенділік  не араздық тұрғысындағы қылмыс жасады» делінген  айып тағылды. Бұл бап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалауды қарастырады.  

– Сотталушылар тек құлпытастарды қиратып қана қоймаған, олар өлімнің және о дүниенің бар екендігін сезіну мақсатында бейіттердің ішіне кіріп, жатқан,-деген прокурор бұл істің кей тұстарына тоқтап да кетті.

Айтпақшы, олардан табылған діни әдебиеттерден сараптама кейбір эктремистік әңгімелер айтылатындығын тапқанымен, олар «экстремизм» бабы бойынша қылмыстық іс қозғауға жеткіліксіз болды.

Ал, 13 мамырда бүлікшілердің 8 адамнан тұратын екінші тобына сот басталмақшы.

Лев ГУЗИКОВ

11 мамыр 2011, 21:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.