Атырау, 25 желтоқсан 06:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Зейнеткерлердің мерекелік көз жасы

2 534 просмотра

Жеңіс күні қала зейнеткерлері үшін көңілді өтпеді. Оларды кейбірі тіпті кеше, 11-мамырда өз зейнетақыларын ала  алмаған.

Бізге редакцияға 83 жастағы Анна Ефремовна ШЕПИЛОВА хабарласты. Тыл ардагеріне денсаулығына байланысты зейнетақыны №20 пошта бөлімшесінен үйіне әкеп береді екен. «Әдетте зейнетақыны айдың 3-ші жұлдызынан бастап тарататын. Ал мен әрі кеткенде ақшамды 6-да алатын едім. Ауыр сырқатқа шалдыққанмын, дәрі-дәрмекке көп ақша жұмсауға тура келеді. Айдың аяғына тиын-тебендер ғана қалады. 3-мамырдан бастап система ала бастадым. 7-сінде жедел жәрдем шақырдым. Осы зейнетақымды қатты күттім. Тіпті 9-мамырда да күттім. Бұл күні зейнеткерлер туралы ұмытып кеткеніне сене алмадым. Бізді осыншама ренжітуге кімнің ары барды екен! Біз бұл жеңіске сондай қиыншылықпен жетіп едік...» - деп жылап жібере жаздады Анна Ефремовна. 

Түсінік алу үшін «Қазпошта» АҚ АФ директорының орынбасары Толқын ДӘУІТОВАҒА хабарласқан едік. Оның айтуынша, төлемдердің кешеуілдеуіне мереке күндері себеп болған. «Барлық зейнетақылар мен 9-мамырға бір мәрте берілетін төлемдер Қазпошта бөлімшелерінде әдеттегі режимде берілуі тиіс. Күн сайын Қазпошта Ұлттық банктен қолма-қол ақшалай қаржыларды алып отырады. Оны бірден байланыс бөлімшелеріне жібереді. Кейбір бөлімшелердегі зейнетақы төлеудегі аздаған кешеуілдеулер төлем күндерінің мереке күндеріне сәйкес келуіне байланысты боп қалды. Бірінші мамыр мерекесіндегі үш күн мен Жеңіс күніне берілген үш күн жұмыс күні болмады. Бұдан басқа, Жеңіс күнін тойлауға байланысты бюджеттен соғыс мүгедектері мен ардагерлеріне бір мәрте жәрдемақы төлеу үшін әжептәуір сома бөлінді. Бұл да пошта қызметкерлерінің жұмысын қиындатып жіберді. Қазіргі уақытта қаланың барлық бөлімшесі толықтай ақшамен қамтылған. Тек кестеден сәл қалыс қалғанымыз болмаса, ақшаларды төлеу жүргізіліп жатыр», - дейді Т.Дәуітова.

– Бірақ өткен жылдары мұндай жағдай орын алған жоқ қой. Бәлкім, бәрін алдын-ала қарастыру керек пе еді?

– Әдетте ақшалар бізге ай басында түседі. Айдың үшінші жұлдызынан бастап төлемдерді жүргізе бастаймыз. Бірақ мамырда екі апта қатарынан дүйсенбі күні Ұлттық банк те, біздер де демалдық. Яғни, алдын ала қаржыларды алып, оларды бөлімшелер бойынша тарата алмадық, - деп түсіндірді Т.Дәуітова. – Оның үстіне биыл сома да көбейді – зейнетақы мөлшері 30 пайызға көбейді. Ардагерлерге бір мәрте берілетін жәрдемақы да өсті.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 мамыр 2011, 21:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.