10 мамыр күні кешке қарай Қостанайдан қуанышты хабар жетті. Қостанайда «Барыс» облыстық баскетбол командасы жергілікті «Тобыл» командасымен шешуші ақтық үшінші матчты өткізіп жатқан болатын. Вадим БУРАКОВТЫҢ тәрбиеленушілері 72-66 есебімен жеңіске ие болды. Сонымен, «Барыс» өзінің тарихында бірінші рет Қазақстан ұлттық баскетбол лигасының чемпионы атанды.
Соңғы6 жыл ішінде ұлттық лига чемпионаты жүлдегерлерінің ұстанымы өзгермеген: Астананың «Барысы» чемпион болды, екінші орында- қостанайлықтар, ал, үшінші орында-біздің «Барыс» тұр. Биылғы жылы жартылай финалда астаналық «Барыс» «Тобылдан» жеңіліп қалды. Ал, біздің «Барыс» күткендей ақтаулық «Каспийден» басым түсті. Чемпионаттың алтынын иемдену үшін біздің «Барыстықтар» «Тобыл» командасынан финалдық серия бойынша 3 рет жеңіске жетуі тиіс еді.
Кездесу алдындағы сәуір айының соңғы онкүндігін біздің команда Хромтауда өткен жиындарда өткізді. В.Бураков журналистерге команда қорғаныс бойынша ойнайтынын хабарлады. Алайда, іс жүзінде оның бәрі басқаша болды.
3 мамырда «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде финалистер арасында алғашқы матч болды. «Барыс» командасы бұл кездесуде басым болды, қонақтарды 92-56 есеппен басып озды. Біздің командадан допты салғандар Сергей Казанцев (4 айыпты және 6-2-ұпай соққылар), Дмитрий Климов (екі 2-ұпайлық және үш 3-ұпай соққылары) және Дмитрий Дятловский (бір 2-ұпайлық және үш 3-ұпайлық соққылар) болды.
4 мамыр күні «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болған екінші матчта «Барыс» тағы да ұйымшыл және жылдамдықпен ойнады. Өз еңбектерімен жеңіске жетті. Есеп-85-72 болды. Алаңда Эдгарс Чунда (2 айыппұл және он 2-ұпайлық соққы), Андрей Ендропов (2 айыппұл, үш 2-ұпайлық және бір 3-ұпайлық соққылар) және Михаил Евстигнеев (бес 2-ұпайлық) көзге түсті.
Кейін біздің команда Қостанайға аттанды. Алайда, олар алаң иелеріне мүмкіндік берместен, үшінші матчта да жеңіске жетті. Яғни олар жайдан жай Қазақстан чемпионы бола қойған жоқ, маңыздысы - жеңіске нық сеніммен жетті. Құттықтаймыз!
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген В. Истомин