Атырау, 23 қараша 23:15
 дождьВ Атырау +7.7
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56

​Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Ақтөбе — Атырау» жолында қозғалыс шектелді

111 рет қаралды

Атырау облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жолдың бір бөлігінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.

Шектеу 23 қараша күні сағат 12:00-де енгізілді және ол тек жүк пен қоғамдық көліктерге қатысты.

«Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 337-ден 346-шақырымына дейінгі аралықта — Ақтөбе облысының шекарасынан Сағыз кентіне дейінгі бөлікте көлік қозғалысы жабық.

Жолды шамамен бүгін, 23 қарашада сағат 17:00-де ашу жоспарланып отыр.

Жүргізушілер республикалық тасжолдардың жағдайы туралы өзекті ақпаратты 1403 колл-орталығының қысқа нөмірі арқылы тәулік бойы біле алады.

Бүгін, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.