
Қазақстанда соңғы жылдары урбанизация процесі рекордтық қарқын алды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы қыркүйектің басында елдегі қала халқының үлесі 64,2 пайызға жетті, деп жазады ranking.kz.
Соңғы алты жылда бұл көрсеткіш 5,2 пайыздық тармаққа, ал 2010 жылдан бері 8 пайыздық тармаққа өскен. Бұл ретте сарапшылар трендтің айтарлықтай жеделдегенін тіркеп отыр: егер бұрын қалалықтардың жылдық өсімі 0,2–0,3 пайыздық тармақты құраса, 2024 жылы ол 0,5-ке, ал 2025 жылы 0,6 пайыздық тармаққа дейін көтерілді.
Облыстар арасында урбанизация деңгейі бойынша абсолютті көшбасшы болып Қарағанды облысы қалып отыр — мұнда халықтың 82,8 пайызы қалаларда тұрады. Өнеркәсіптік өңірлердің үздік бестігіне мына өңірлер де кірді:
- Ұлытау облысы — 79,7%;
- Ақтөбе облысы — 76,7%;
- Павлодар облысы — 71,7%;
- Шығыс Қазақстан облысы — 67,9%.
Керісінше, аграрлы оңтүстік өңірлерде көрсеткіш төмен. Қала халқының ең аз үлесі Түркістан (25,5%) және Алматы (19,4%) облыстарында тіркелген. Сарапшылар Алматы облысының төмен көрсеткіштері белгілі бір дәрежеде шартты екенін атап өтеді: қала маңындағы ауылдардың мыңдаған тұрғыны ресми түрде ауыл тұрғыны болып саналғанымен, күн сайын мегаполиске жұмысқа қатынайды.
Соңғы 16 жылда ауылдардан қалаларға халықтың ең жылдам қоныс аударуын солтүстік және батыс өңірлер көрсетті. 2010 жылдан бері қала халқының өсу қарқыны бойынша Қостанай (+11,6 п. т.), Батыс Қазақстан (+11,3 п. т.), Ақмола (+10,7 п. т.) және Солтүстік Қазақстан (+10,1 п. т.) облыстары көш бастап тұр.
В Атырау +10.2