Атырау, 6 қазан 12:26
 дождьВ Атырау +13.8
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

Дубайда жасырынған: БАӘ ірі қылмыстар бойынша іздеуде жүрген үш адамды Қазақстанға экстрадициялады

63 рет қаралды
видеодан скриншот
видеодан скриншот

Біріккен Араб Әмірліктерінен халықаралық іздеуде болған үш азамат Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады.

Күдіктілерді елге қайтару Қазақстан делегациясының Бас прокурордың орынбасары Асхат Жұмағали бастаған БАӘ-дегі БҰҰ-ның 15-ші Конгресі аясындағы келіссөздерінің, сондай-ақ ҰҚК Антикор қызметі, ІІМ Интерполы және Қазақстанның БАӘ-дегі Елшілігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асты.

Үшеуі де қылмыстық қудалаудан бой тасалап, Әмірліктер аумағында жасырынған. Астана тарапының сұрауы бойынша оларды жергілікті билік ұстады.

Олар не үшін іздеуде болды?

  • Халықаралық орталыққа жер телімін алып беремін деп уәде берген: Бірінші экстрадицияланған азамат 2019–2020 жылдары сыбайласымен бірге Астанадан жер телімін алуға жәрдемдесуге уәде берген. Алдау арқылы жәбірленушінің 368 мың АҚШ долларын иемденген.
  • Алматыдағы топтық шабуыл: Екінші азамат денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, тонау және бұзақылық жасады деген күдікпен іздеуде болған. 2021 жылы Алматыда ол бір топ адаммен бірге азаматқа шабуыл жасап, оны аяусыз ұрып-соғып, 100 мың теңгеден астам мүлкін беруге мәжбүрлеген.
  • Қытай азаматын тонаған: Үшінші күдікті биыл жазда Астанада ҚХР азаматының 24 200 АҚШ долларын (аса ірі мөлшерде) ұрлады деген күдікке ілінген.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың барлығы Қазақстанға жеткізіліп, тергеу изоляторына қамалды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары қайта басталды.

Бүгін, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.