Атырау, 5 қазан 16:15
 дождьВ Атырау +14.7
$ 447.73
€ 502.98
₽ 5.35

Миды жарық арқылы басқару: 2026 жылдың алғашқы Нобель сыйлығының лауреаттары жарияланды

56 рет қаралды
Nobel Prize Outreach
Nobel Prize Outreach

2026 жылғы физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығы Карл Дейссеротқа, Питер Хегеманға және Георг Нагельге берілді. Олар жарыққа сезімтал иондық арналар саласындағы жаңалықтары және оптогенетиканы дамытуы үшін марапатталды, деп хабарлайды Би-би-си.

Нобель комитетінің атап өтуінше, ғалымдар ғылыми серпіліс жасап, жарықтың көмегімен тірі мидағы жекелеген жүйке жасушаларының белсенділігін «қосуға» немесе «өшіруге» мүмкіндік беретін әдіс әзірледі. Бұл жаңалық әлем ғалымдарына адамның есте сақтау қабілеті, эмоциясы мен мінез-құлқының қалай қалыптасатынын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Жаңалықтың мәні неде

Зерттеушілер Питер Хегеман мен Георг Нагель бірегей каналродопсин ақуызын ашты. Бұл ақуызды кез келген жасушаға енгізген кезде, ол жасушаны жарыққа сезімтал ететіні анықталды.

Кейін олардың әріптесі Карл Дейссерот осы ақуыздың генін кеміргіштердің жүйке жасушаларына енгізді. Оларға көк жарық түсіру арқылы ғалым жүйке сигналдарын іске қоса алды. Нәтижесінде зерттеушілер бұл жарық «қосқышын» тірі организмдердің миында жұмыс істетуге қол жеткізді.

Оптогенетика деп аталған бұл әдіс әлемдік нейробиологияда революциялық құралға айналды.

«Медициналық Нобель» туралы қызықты деректер:

  • 1901 жылдан 2026 жылға дейін физиология және медицина саласында барлығы 117 Нобель сыйлығы беріліп, оның лауреаттары 232 адам болды.
  • Бұл санаттағы лауреаттардың арасында 13 әйел бар.
  • Сыйлықтың ең жас лауреаты — 1923 жылы инсулинді ашқаны үшін 31 жасында марапатталған Фредерик Бантинг. Ал ең егде лауреат — 1966 жылы 87 жасында сыйлық алған Пейтон Роус.

Еске салайық, өткен жылы медицина саласындағы Нобель сыйлығы иммундық жүйені зерттегені үшін америкалықтар Мэри Бранкоу мен Фред Рамсделлге және жапониялық Шимон Сакагучиге берілді.

Бүгін, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.