
Қызылорда облысында Қазалы аудандық сотының төрағасы Д. Абдықалықов пен осы соттың судьясы С. Бертаға қатысты үкім шықты. Қос судья да 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім 2026 жылғы 18 қыркүйекте жарияланды. Бұрынғы судьялар ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында («Ірі мөлшерде пара алу») және 366-бабы 3-бөлігінің 2 және 4-тармақтарында («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы, ірі мөлшерде пара алу») көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
«2026 жылғы 18 қыркүйекте Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының төрағасы Д. Абдықалықов пен судьясы С. Бертаға қатысты үкім шығарылып, олар 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», — делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, 2026 жылғы қаңтарда екі фигурант та ірі көлемде пара алу фактісі бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) қызметкерлері тарапынан ұсталған болатын.
В Атырау +10.2