Атырау, 6 қазан 18:43
 дождьВ Атырау +18.8
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

Алматыда Санжар Боқаевқа қатысты соттың басталатын күні белгіленді

404 рет қаралды

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі Алматыда 28 қыркүйекте басталады.

Алғашқы отырыс Алмалы аудандық сотында сағат 09:30-ға белгіленген. 

Процестің басталатын күні туралы ақпаратты белсендінің адвокаты Радмир Өтепов растады. 

Тергеу мәліметінше, Боқаевқа бірнеше бап бойынша айып тағылған. Олар аса ірі мөлшердегі ақша қаражатын жымқыру, көрінеу жалған ақпарат тарату және Баум тоғайында ағаштарды отауды ұйымдастыру күдігімен байланысты. 

Бұған дейін Бас прокуратура тергеу нұсқасы бойынша Боқаев ақшалай сыйақы беріп, әлеуметтік жағынан осал азаматтарды құрылыс нысандарындағы ұрлыққа және ағаштарды отауға тартқанын хабарлаған еді. Тергеу бұл әрекеттердің бейнежазбалары кейіннен қоғамдық резонанс тудыру мақсатында әлеуметтік желілерде жарияланған деп санайды. 

Санжар Боқаев наурыз айында ұсталды, кейін сот оны қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санкциялады.

15 қыркүйек, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.