
Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы жұмыс барысындағы онлайн-жиналыс кезінде электронды темекі пайдаланған бейнежазба жарияланғаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жазба әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда Қанат Саққұлақовтың қызметтік кабинетінде отырып, Zoom-кездесу кезінде темекі шегіп отырғаны көрінеді.
Қарағанды облыстық полиция департаментінде бейнежазбада аудандық мәслихат төрағасы бейнеленгенін растады. Тексеру нәтижесі бойынша оған айыппұл салынды.
Полицияда атқаратын лауазымы мен қоғамдық мәртебесі азаматтарды заңды сақтау міндетінен босатпайтынын атап өтті.
В Атырау +30.6