Атырау, 6 қазан 19:39
 дождьВ Атырау +18.8
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

Астанада әйелін өлтірген ер адам өзіне қол жұмсады

326 рет қаралды

Астанадағы пәтерлердің бірінен 53 жастағы әйел мен оның 55 жастағы күйеуінің мәйіті табылды.

Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, қайғылы оқиға отбасылық жанжал кезінде болған.

Елордалық полиция департаменті хабарлағандай, ер адам әйеліне пышақ жарақатын салып, кейін өзін жаралаған. Екеуі де оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер жанжалдың себебі мен оқиғаның басқа да мән-жайын анықтап жатыр.

15 қыркүйек, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.