Атырау, 15 қыркүйек 17:17
 дождьВ Атырау +31
$ 447.80
€ 516.76
₽ 5.30

Қазақстандықтарға әлем бойынша шамамен бір миллион криптоәмиян тиесілі — АХҚО

49 рет қаралды
Сурет Canva
Сурет Canva

Қазақстан азаматтары цифрлық активтердің әлемдік нарығына белсене қатысып, бүкіл әлем бойынша 1 миллионға жуық криптоәмиянға иелік етеді. Бұл туралы Үкімет отырысында AFSA (АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті) Авторизациялау және қаржылық технологиялар офисінің басқарушы директоры Еркеғали Еденбаев хабарлады.

Спикердің айтуынша, жергілікті инфрақұрылымның дамуына қарамастан, отандық пайдаланушылар транзакцияларының басым бөлігі әлі де шетелдік алаңдар арқылы өтуде.

«Сарапшылардың бағалауынша, қазақстандықтарға бүкіл әлем бойынша 1 миллионға жуық криптоәмиян тиесілі. Бұл операциялардың едәуір бөлігі бұрынғысынша шетелдік платформаларда жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді», — деп атап өтті Еркеғали Еденбаев.

Капиталды елге қайтару қалай жоспарланып отыр

АХҚО-да қаржы орталығының басты міндеттерінің бірі — пайдаланушылар мен олардың капиталын шетелдік платформалардың көлеңкелі немесе белгісіз аймағынан қорғалған әрі ашық қазақстандық юрисдикцияға көшіру екенін атап өтті.

Ол үшін қаржы орталығына әлемдік ойыншылар белсенді түрде тартылып отыр. Қазір АХҚО-да бес халықаралық криптоплатформа лицензиялау процедурасынан өтуде, олардың екеуі әлемдегі ең ірі 10 криптобиржаның қатарына кіреді.

«Біздің мақсатымыз цифрлық активтерді реттеуде ғана емес, сонымен қатар қазақстандықтардың операцияларын қауіпсіз әрі реттелетін ортаға ауыстыру», — деп түйіндеді комитет өкілі.

Айта кетейік, елдегі цифрлық ақша нарығы қарқынды өсім көрсетіп отыр: бұған дейін Қазақстандағы криптовалютамен жасалған операциялардың жалпы көлемі 10,6 миллиард долларға жеткен болатын. Бұдан бөлек, елде транзакциялардың ашықтығына мониторинг жүргізу үшін Ұлттық криптовалюталық аналитика орталығын құру жоспарланған.

Бүгін, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.