
Құрылтайдың I шақырылымында азаматтарды қабылдауға арналған Қоғамдық қабылдау бөлмесі ресми түрде жұмысын бастады.
Бұл құрылымды іске қосу туралы шешім спикер Айбек Дәдебай төрағалық еткен Бюро отырысында қабылданған.
Төраға орынбасары Динара Закиева атап өткендей, жаңа қабылдау алаңы қазақстандықтармен тікелей байланыс орнатуға, олардың өтініштері мен шағымдарын жедел қарауға және ұсыныстарын қабылдауға бағытталған.
Қабылдауларды ұйымдастыру ережелері бекітіліп, барлық фракциялар мен комитеттермен келісілген. Қабылдау кестесі Құрылтайдың ресми сайтында ашық жарияланған.
Қоғамдық қабылдаудың үйлестірушілері ретінде үш депутат тағайындалды:
Константин Авершин,
Айжан Аймағанова,
Шолпан Каринова.
Депутаттардың қабылдауына жазылу жолдары
Азаматтар бірнеше тәсілмен өтініш бере алады:
Құрылтайдың ресми сайты арқылы электронды өтініш жіберу,
Жазбаша немесе ауызша түрде өтініш жолдау,
Қоғамдық қабылдау бөлмесіне барып, тікелей жазылу.
В Атырау +30.5