
Қызылорда облысында полиция қызметкерін өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті іздеуде болған, деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 2026 жылғы 31 тамызда Арал қаласында болған. Сағат 17:00 шамасында жеке үйдің ауласындағы гараждан зорлық-зомбылық белгілері бар 36 жастағы Ж. есімді азаматтың денесі табылған. Кейін марқұмның полиция қызметкері болғаны анықталды.
Құқық қорғау органдары бірден Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Іздеуге бұрын сотталмаған, Арал қаласының 39 жастағы тұрғыны Б. Жолдасов жарияланды.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Қылмыстық істі тергеу Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында», — деп хабарлады ведомство.
Қылмыстың өзге де мән-жайлары мен себептері тергеу мүддесіне байланысты әзірге жария етілмейді.
В Атырау +26.9