Атырау, 14 қыркүйек 11:44
 дождьВ Атырау +18.5
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

​Атырау облысы өз өнімдерін Астанаға жеткізеді

56 рет қаралды

Астанада 19-20 қыркүйек күндері өңірлердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің сериясы басталады. Алғашқы болып Қызылорда және Атырау облыстары өз өнімдерін ұсынады. 

Елорда тұрғындары мен қонақтары ет, балық, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, азық-түлік және басқа да тауарларды отандық өндірушілер мен фермерлерден тікелей сатып ала алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңке сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін «Қазанат» ипподромының автотұрағында өтеді. Мекенжайы: Қарқаралы жолы, 1.

Жәрмеңке өтетін жерге №18, 37 және 303 автобустармен баруға болады.

Өңірлік жәрмеңкелер Астанада 25 қазанға дейін әр демалыс сайын ұйымдастырылады:

  • 26-27 қыркүйекте Абай, Алматы және Маңғыстау облыстарының өнімдері ұсынылады. 
  • 3-4 қазанда – Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары, 
  • 10-11 қазанда – Түркістан және Батыс Қазақстан облыстары, 
  • 17-18 қазанда – Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ұлытау облыстары, 
  • 24-25 қазанда Қарағанды және Қостанай облыстары өз өнімдерін жәрмеңкеге шығарады.

Бүгін, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.