Атырау, 11 қыркүйек 16:23
 дождьВ Атырау +19.8
$ 450.79
€ 524.13
₽ 5.31

Қазақстандық полицей басшысының ата-анасы Чехиядағы​ үйінен айырылып қала жаздады

132 рет қаралды
Чехиядағы Колово ауылы / фото mapy.com
Чехиядағы Колово ауылы / фото mapy.com

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевтің ата-анасына тиесілі деп көрсетілген Чехиядағы жылжымайтын мүлікке қойылған шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы қазақстандықтардың шетелдегі активтерін зерттейтін «Выход к морю» Telegram-арнасы хабарлады.

Әңгіме Карловы Вары маңындағы Колово ауылындағы үй мен жер телімі туралы. Мүлік чехиялық ALAN trade s.r.o. компаниясының атына рәсімделген. Арна дерегінше, компанияны Молдияр мен Элла Оразалиева — департамент басшысының ата-анасымен байланыстырады.

2007 жылы Элла Оразалиева мен оның ұлы Алдияр 929 шаршы метр жер телімін сатып алған. Компанияның есептік деректерінде жылжымайтын мүлік құны 5,7 млн чех кронына (шамамен 237 мың еуро) бағаланған.

Даудың себебі — ALAN trade s.r.o. компаниясының Чехия радиосына лицензиялық төлем бойынша қарызы. 2017 жылы ұйым 5 762 крон (шамамен 240 еуро) көлеміндегі берешек үшін сотқа жүгінген. Сот шешімінен кейін мүлікке шектеу қойылған, алайда қарыз өтелген соң ол алынып тасталған.

Қазіргі уақытта Арман Оразалиевтің өзі, оның отбасы мүшелері және компания өкілдері тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.

Бүгін, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.