Атырау, 11 қыркүйек 10:36
 дождьВ Атырау +12
$ 450.79
€ 524.13
₽ 5.31

Президент Қазақстанның Малайзия мен Грузиядағы елшілерін ауыстырды

68 рет қаралды
Фото: Мәлік Мұрзалин және Талғат Адуов
Фото: Мәлік Мұрзалин және Талғат Адуов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның дипломатиялық корпусындағы кадрлық тағайындауларға қатысты жарлықтарға қол қойды.

Құжаттарға сәйкес:

Мәлік Мұрзалин Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстанның Грузиядағы елшісі қызметін атқарған.

Талғат Адуов Қазақстан Республикасының Грузиядағы жаңа Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.

Болат Сүгірбаев Қазақстанның Малайзиядағы елшісі қызметінен, сондай-ақ қоса атқару тәртібімен Бруней-Даруссаламдағы елшісі қызметінен босатылды.

Бүгін, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.