Атырау, 10 қыркүйек 15:29
 дождьВ Атырау +20.8
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32

​Беларусьтен әкелінген сиыр еті мен Шешенстаннан жеткізілген кебек Қазақстан арқылы өткізілмеді

77 рет қаралды

Қазақстан аумағында заңсыз өнім тасымалына тосқауыл қойылды: Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» ветеринарлық бекетінде 107 тонна бақылаудағы жүк ұсталды.

Алғашқы жағдайда инспекторлар Шешенстаннан Түркістан облысы мен Шымкентке бағытталған 88 тонна бидай кебегін тоқтатты. Тексеру барысында өнімге ветеринарлық құжаттар мен таңбалау қойылмағаны, сондай-ақ қажетті термиялық өңдеуден өтпегені анықталды.

Екінші жағдайда Беларусьтің Минск облысынан Ташкентке транзитпен жеткізілмек болған 19 тонна сүйексіз сиыр еті мен ет өнімдері ұсталды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің түсіндіруінше, 2026 жылғы 24 ақпаннан бастап Ресейдің кейбір аймақтары арқылы мұндай өнімдерді әкелуге және транзиттеуге уақытша шектеулер енгізілген. Бұл шаралар эпизоотикалық жағдайға байланысты қабылданған.

Барлық 107 тонна жүк кері қайтарылды. Тасымалдаушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Жыл басынан бері «Сырым» бекетінде 230 заңбұзушылық анықталып, сонша көлік кері қайтарылған. 100 әкімшілік хаттама жасалып, айыппұлдың жалпы көлемі 8,9 млн теңгеге жетті.

Бүгін, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.