Атырау, 10 қыркүйек 14:40
 дождьВ Атырау +18.8
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32

​Желіде жазылған пікір сотқа дейін апаруы мүмкін

72 рет қаралды

Әлеуметтік желідегі қорлайтын пікір, жазба немесе сөз қазақстандыққа қылмыстық іс болып, 865 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы ықтимал. Ауырлау жағдайларда бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.

Energyprom.kz Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитетінің деректеріне сүйеніп хабарлағандай, БАҚ, телекоммуникациялық желілер немесе онлайн-платформалар арқылы жария қорлау Қылмыстық кодекстің 131-бабының 2-бөлігіне жатады. 

Максималды жаза — 200 АЕК (2026 жылы 865 мың теңге). Айыппұлдың орнына сот 180 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс тағайындай алады.

Жәбірленуші полицияға арыз бермей-ақ, жеке айыптау тәртібімен сотқа шағымдана алады. 2025 жылы соттарға шамамен 6,2 мың шағым түскен, ал 2026 жылдың алғашқы жартысында — 2,7 мыңнан астам. Бірақ олардың аз бөлігі ғана қарауға қабылданған. Көптеген істер рәсімдегі қателіктерге немесе тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған.

Алты айда соттар 193 істі қарады: 50 адам сотталды, 45 адам ақталды, қалғандары тоқтатылды. Сонымен қатар, кінәлілер мемлекетке айыппұлдан бөлек, жәбірленушіге моральдық шығынды өтеуге міндеттеледі. 

2025 жылы жалпы өтемақы 29,3 млн теңгені құраса, 2026 жылдың алғашқы жартысында — 11,7 млн теңге.

Анонимді аккаунт та жауапкершіліктен құтқармайды: ІІМ мәліметінше, жабық парақша немесе жалған есім қолдану авторды анықтауға кедергі емес.

Егер жарияланымда араздықты қоздыру, қорқыту, жалған ақпарат тарату, жеке өмірге қол сұғу немесе билік өкілін қорлау белгілері болса, жаза әлдеқайда қатаң — 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жетуі мүмкін.

Бүгін, 13:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.