Атырау, 10 қыркүйек 12:53
 дождьВ Атырау +18.8
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32

Жезқазғандағы өндіріс орындарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді

39 рет қаралды

Тамыз айында «Қазақмыстың» Жезқазған өңіріндегі кәсіпорындарында стационарлық жабдықтарды жөндеу бойынша 20 жоба аяқталды. Жұмыстар кеніштер мен Жезқазған байыту фабрикасында жүргізілді.

«Жомарт» кенішінде №3 және №5 магистральдық конвейерлер, сондай-ақ №2, №5 және №8 ұсатқыштар жөнделді. Мамандар скиптік көтергіштің кері қайтару арқанын ауыстырып, конвейердің керу станциясы мен теміржол бункерінің элементтерін қалпына келтірді.

Оңтүстік Жезқазған және «Батыс» кеніштерінде көтергіш және ұсатқыш жабдықтар жөндеуден өтті. №65 шахтада арқан жүргізуші шкивтің қаптамасы ауыстырылды.

Ең ауқымды жұмыстардың бірі №67 шахтада жүргізілді. №4 конвейерде 1 890 метр таспа, сондай-ақ роликтер мен ролик тіректері ауыстырылды.

Жезқазған байыту фабрикасында ұсатқыштар, қоректендіргіш пен конвейерлер жөнделді. Мамандар таспаларды, жабдықтардың тораптары мен қорғаныш қаптамаларын ауыстырып, елеуіш астындағы науаны қалпына келтірді және пластиналы қоректендіргіштің төсемін жаңартты.

Жөндеу жұмыстары қыркүйекте де жалғасады. «Батыс» кенішіндегі №67 шахтаның 140-горизонтында ұсатқышты жөндеу және кен түсіргіштің маңдайшасын ауыстыру жоспарланған. Жұмыстар аяқталғаннан кейін жабдық қайта пайдалануға беріледі.

Компанияның мәліметінше, жоспарлы техникалық қызмет көрсету жабдықтардың тозған бөлшектерін алдын ала анықтауға, апаттық тоқтап қалуды болдырмауға және өндірістік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгін, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.