Атырау, 10 қыркүйек 11:45
 дождьВ Атырау +13.4
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32

Интернетте Қазақстан ұлттық құрамасының жалған киімдері сатылып жатыр: Министрлік ескерту жасады

44 рет қаралды

Интернет-платформаларда Қазақстан ұлттық құрамасының ресми киімі ретінде жалған спорттық формалар сатыла бастады. Туризм және спорт министрлігі мемлекеттік рәміздері бар түпнұсқа киімінің бөлшек саудада ешқашан сатылмайтынын мәлімдеді.

Өткен жылы Туризм және спорт министрлігі ұлттық құрама спортшыларын алғаш рет «Under Armour» брендінің бірыңғай жазғы және қысқы киім жиынтықтарымен қамтамасыз еткен болатын. Мемлекеттік рәміздер бейнеленген бұл сапалы экипировка тек спортшылардың өзіне жеке үлестіріледі және еркін сатылымға шығарылмайды.

Қазіргі уақытта түрлі онлайн-дүкендерде ұлттық құраманың ресми киіміне сырттай ұқсайтын өнімдер көбейген. Министрлік өкілдері ғаламторда сатылып жатқан мұндай тауарлардың ел құрамасының ресми киіміне еш қатысы жоқ екенін атап өтті.

«Under Armour» брендінің түпнұсқа спорттық киімдерін ресми дүкендерден сатып алуға болады, алайда оларда Қазақстанның мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құраманың белгілері болмайды.

Бүгінде «Under Armour» компаниясы да өз тарапынан брендті заңсыз пайдалану және контрафактілік өнімдерді тарату деректері бойынша тиісті құқықтық шараларды қолға алды.

Осыған байланысты, министрлік азаматтарды сақтық танытып, ұлттық құраманың ресми экипировкасы ретінде ұсынылатын жалған өнімдерді сатып алмауға кеңес береді. 

Бүгін, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.