
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі прокуратураның үйлестіруімен Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары мен Ақмола облысы бойынша Көлік бақылауы инспекциясы басшысының орынбасарын ұстады. Лауазымды тұлғалар 40 миллион теңгеден астам пара алды деген күдікке ілініп отыр.
Тергеу мәліметіне сәйкес, ұсталған шенеуніктер жүгі рұқсат етілген салмақ нормасынан асып кеткен ауыр жүк көліктерінің кедергісіз жүруіне жағдай жасаған. Тексерусіз әрі кедергісіз өту қызметі үшін олар кәсіпкерлерден жүйелі түрде игілік көрген.
Сот санкциясымен екі күдікті де қамауға алынды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін қорғау мақсатында өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
В Атырау +13.4