Атырау, 10 қыркүйек 11:16
 дождьВ Атырау +13.4
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32

Құрылтай өзінің регламентін қабылдады

49 рет қаралды
Снежанна Имашева, отырыс трансляциясынан алынған стоп-кадр
Снежанна Имашева, отырыс трансляциясынан алынған стоп-кадр

Құрылтайдың регламенті Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының нормаларына және «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес әзірленді. Құжат Құрылтай депутаттарының қызметін реттейді.

Регламент – Құрылтай жұмысының ұйымдастырылуын айқындайтын кешенді құжат. Ол бұған дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның Палаталарының регламенттері негізінде әзірленді. Құрылтайдың бір палаталы моделі мен оның конституциялық өкілеттіктерінің жаңа жүйесін ескере отырып, отырыстар өткізу тәртібі біріздендіріліп, терминология жаңа Конституцияға сәйкестендірілді.

Құрылтайда заң жобаларын қарау тәртібі айтарлықтай өзгертілді. Үш кезеңнен тұратын модель белгіленеді. Бірінші оқылымда заң жобасының негізгі ережелері, мақсаттары мен міндеттері талқыланады. Екінші оқылымда бас комитеттің салыстырмалы кестесіне енгізілген түзетулер қаралады. Үшінші оқылымда заң жобасының түпкілікті редакциясы оның Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі және құқықтық олқылықтарды жою тұрғысынан қарастырылады. Бұл ретте халықаралық шарттарды ратификациялау (денонсациялау) екі оқылымда қаралады.

Жаңа конституциялық орган – Қазақстан Халық Кеңесімен өзара іс-қимыл тәртібі де жеке реттеледі. Оның өкілдері өз өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша тыңдауларға, тұрақты комитеттердің отырыстарына және жұмыс топтарының жұмысына қатысуға құқылы.

Сонымен қатар депутаттық әдеп қағидалары мен Әдеп жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастыру тәртібі жеке айқындалады.

Қорытынды ережелер Құрылтай қызметі басталған кезде заң шығару процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Бұған дейін Мәжіліске енгізілген заң жобалары жаңа Регламенттің қағидалары бойынша Құрылтайда қарала береді. Осылайша құқықтық сабақтастық сақталып, Парламенттің екі палаталы моделінен бірыңғай Құрылтай қызметіне ұйымдасқан түрде көшу қамтамасыз етіледі.

Бүгін, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.