Атырау, 10 қыркүйек 10:38
 дождьВ Атырау +13.4
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32

ҚТЖ паркі 159 жаңа локомотивпен толықты

87 рет қаралды

2026 жылдың басынан бері «Қазақстан темір жолы» компаниясының паркі Alstom және CRRC өндірушілерінің 159 заманауи локомотивімен толықты. Оның ішінде тек тамыз айының өзінде теміржол паркіне 13 жаңа техника келіп түсті.

Жаңартылған техниканың басым бөлігі жүк және жолаушылар тасымалын қамтамасыз ететін негізгі өңірлік деполарға үлестірілді. Атап айтқанда, 22 жаңа электровоз Астана мен Бурабай курорты деполарына орналастырылды.

Ал магистральдық бағыттарға арналған 80 тепловоз Қандыағаш, Жем, Маңғыстау, Атырау, Мақат, Қарағанды және Ақтоғай деполарының еншісіне тиді. Сонымен бірге станциялардағы құрамдарды сұрыптау жұмыстарын жеңілдету үшін 57 маневрлік тепловоз Екібастұз, Павлодар, Балқаш, Қарағанды, Жаңа-Қарағанды және Астана деполарына бағытталды.

Тамыз айында жеткізілген 13 локомотивтің құрамында 3 электровоз, 9 маневрлік және 1 магистральдық тепловоз бар.

Тарту паркін жүйелі түрде жаңарту пойыздық және маневрлік жұмыстардың үздіксіздігі мен тиімділігін арттыруға жол ашады. Бұл шаралар локомотив деполарының техникалық әлеуетін күшейтіп, локомотив бригадаларының еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған.

Бүгін, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.