Атырау, 9 қыркүйек 18:48
 дождьВ Атырау +21.4
$ 454.46
€ 527.72
₽ 5.25

Алматыда жыл басынан бері панасыз жүрген 400-дей адам әлеуметтік орталыққа жеткізілді

Бейнежазба
93 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Алматыда учаскелік полиция инспекторлары белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау бойынша профилактикалық рейдтерді жиілетті. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары көшеде жүрген 388 азаматты «Пана» әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізді.

Рейд барысында полиция қызметкерлері азаматтардың жеке басын анықтап, оларды ақпараттық база бойынша тексереді. Сондай-ақ олардың көшеде сандалып жүру себептерін зерттеп, қажет болса тиісті көмек көрсетеді.

Әлеуметтік орталыққа жеткізілгендердің 54-і мекемеде қалып, медициналық әрі әлеуметтік қолдау алуға келісті. Ал қалған азамат алғашқы медициналық тексеруден өткеннен кейін ұсынылған көмектен бас тартқан.

Полиция бұл іс-шаралардың алдын алу өте маңызды екенін атап өтеді. Өйткені баспанасыз жүрген жандар жиі қылмыс құрбанына айналады немесе өздері заң бұзушылыққа тартылып жатады. Сондықтан учаскелік инспекторлар олардың жиі жиналатын орындарын ерекше бақылауда ұстап, қандай да бір қауіп-қатердің алдын алуға басымдық береді.

«Учаскелік инспектордың міндеті – көшеде жүрген адамды анықтаумен ғана шектелмейді. Оның жеке басын анықтап, қандай көмекке мұқтаж екенін түсіну және негіз болған жағдайда тиісті қызметтерге бағыттау маңызды. Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алып, құқық бұзушылықтарға дер кезінде тосқауыл қою қажет. Сондықтан мұндай рейдтердің басты мақсаты – профилактика», – деді Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.


Бүгін, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.