Атырау, 9 қыркүйек 18:39
 дождьВ Атырау +21.4
$ 454.46
€ 527.72
₽ 5.25

АҚШ-та 200 қазақстандық студент далада қалды: СІМ мәлімдеме жасады

127 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

АҚШ-қа сапарлаған 200-ге жуық қазақстандық студент туроператордың кесірінен Лос-Анджелесте баспанасыз және қолдаусыз қалды. Ұйымдастырушылар сапардың бесінші күні турды кенеттен тоқтатып тастаған. Оқиғаға Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі араласып, студенттердің басым бөлігі елге оралып жатқанын хабарлады, деп жазады zakon.kz.

Бұл жағдай әлеуметтік желіде тараған жазбалар мен бейнекадрлардан кейін белгілі болды. Сапарға қатысқан студенттердің бірі ұйымдастырушылардың жастарды бөтен елде, қонақүйге ақшасыз далаға тастап кеткенін айтып шағымданды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі сапарды ұйымдастырушылармен байланыс орнатқанын мәлімдеді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, азаматтардың көбі Қазақстанға ұшып шыққан немесе жолда келе жатыр. Сондай-ақ кейбір студенттер бұрын сатып алынған кері қайту билетінің мерзіміне дейін Лос-Анджелесте қалуы мүмкін.

Азаматтар  ұшақ билеттерін өз бетінше алғандықтан және қайту бағыттары әртүрлі болғандықтан, барлық қатысушының қайтып оралғанын дәл қазір толық растау мүмкін болмай отыр.

Қазір Қазақстанның Сан-Францискодағы Бас консулдығы бұл жағдайды жіті бақылауға алды. Дипломаттар зардап шеккен отандастарға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Бүгін, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.