
7–10 қазан аралығында Алматыдағы Halyk Arena спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан «Денис Тен мемориалы» өтеді. Ауқымды бәсекеге 25 мемлекеттен 150-ге жуық спортшы қатысады, деп хабарлайды olympic.kz.
Турнир барысында спортшылар жасөспірімдер мен ересектер (ерлер, әйелдер) арасындағы жекелей сырғанау, сондай-ақ мұздағы би бағдарламалары бойынша бақ сынайды.
Бұл беделді бәсеке Сочидегі 2014 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері, отандық мәнерлеп сырғанау мектебінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Денис Теннің құрметіне ұйымдастырылады.
В Атырау +21.4