Атырау, 9 қыркүйек 17:00
 дождьВ Атырау +19.4
$ 454.46
€ 527.72
₽ 5.25

Қазақстанда дрондар мен ғарыштық бақылау арқылы есірткі плантациялары жойылып жатыр

37 рет қаралды

«Қарасора – 2026» республикалық арнайы операциясының үш айында Қазақстанда 21 тонна есірткінің заңсыз айналымға түсуіне жол берілмей, екі мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Ішкі істер министрлігі ауқымды іс-шараның аралық қорытындысын ұсынды.

Операция барысында тәртіп сақшылары 4 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін толығымен тоқтатты. Сонымен қатар есірткі өсімдіктерін өсірудің 256 фактісі тіркеліп, ондаған жасырын плантация жойылды. Ал каннабисті жасанды жолмен өсіруге бейімделген 25 фитозертхананың көзі жойылды.

Негізгі бақылау есірткі өсімдіктерін өсіруге қолайлы саналатын оңтүстік өңірлер мен 60 мың гектардан астам аумақты алып жатқан Шу алқабында жүргізіліп жатыр. Заңсыз алқаптар мен есірткі тасымалының жолын кесу үшін полиция күштерімен бірге пилотсыз ұшу аппараттары, авиация және ғарыштық мониторинг мүмкіндіктері белсенді қолданылуда.

Республика көлеміндегі «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.


Бүгін, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.