Атырау, 9 қыркүйек 15:55
 дождьВ Атырау +19.4
$ 454.46
€ 527.72
₽ 5.25

Жоғарғы сот пышақ жарақаттарын «қорғаныс» емес, қасақана әрекет деп таныды

90 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Оралда болған қылмыстық іс бойынша Жоғарғы сот соңғы шешімін шығарды.

Бұған дейін сотталған ер адам 10 рет пышақ сұққанын «қажетті қорғаныс» деп дәлелдеуге тырысқан. Алайда кассациялық сот оның уәждерін қабылдамады.

Оқиға сотталушының пәтерінде болған. Дастарқан үстінде шыққан жанжал кезінде ол пышақ алып, танысына басына, кеудесіне, ішіне, арқасына және санына кемінде 10 рет соққы жасаған. Жәбірленуші ауыр қан кетіп, өміріне тікелей қауіп төнген жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Алғашқы сот оны ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі бойынша («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырған. Апелляция бұл шешімді қолдады.

Кассациялық сот сараптамалар мен куәгерлердің айғақтарына сүйене отырып:

  • жәбірленушінің сотталушыға қауіп төндірмегенін;

  • сотталушының мас күйінде болғанын және өмірлік маңызды мүшелерге әдейі соққы жасағанын;

  • жарақаттардың сипаты оның қасақана әрекетін дәлелдейтінін анықтады.

Нәтижесінде сот үкімі өзгеріссіз қалдырылып, «өзін-өзі қорғау» нұсқасы түбегейлі жоққа шығарылды.

Бүгін, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.