
АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Иранға қарсы жаңа санкциялар аясында Алматыдағы «Тур Инвест» ЖШС компаниясын тәуекел тізіміне енгізді, деп хабарлайды ФБРК.
Бұл фирма ирандық Mahan Air әуе компаниясының билеттерін сатумен айналысқан. Сол себепті оған «екіншілік санкциялар қаупі» мәртебесі берілді. Бұл тікелей тыйым салынғанын білдірмейді, бірақ компания жоғары тәуекел аймағында тұр.
Компания жайлы дерек:
2014 жылы Алматыда туроператор ретінде тіркелген.
Қызметкерлер саны бес адамнан аз.
Құрылтайшылары — Аңсар Дүйсенғалиев пен Зияи Бабак Али. Соңғысы Қазақстандағы «Иран бизнес орталығының» жетекшісі.
Вашингтонның жаңа шаралары Иран әуе тасымалдаушыларының АҚШ-тан ұшақтар мен қосалқы бөлшектерге қол жеткізуін шектеуге бағытталған. Барлығы 27 әуе компаниясы және 36 ұйым мен тұлға санкцияға ілікті.
Бұл Қазақстан бизнесіне қатысты алғашқы жағдай емес: 2026 жылы көктем-жазда елдің бірнеше компаниясы Еуропалық одақтың санкциялар пакеттеріне енген болатын.
В Атырау +19.4