Атырау, 9 қыркүйек 14:46
 дождьВ Атырау +18.3
$ 454.46
€ 527.72
₽ 5.25

Жаңаөзенде мұнай ұрлығына қатысты күдікті тергеліп жатыр: 6 жағдай ашылды

102 рет қаралды

Жаңаөзенде полиция мұнай-газ кәсіпорнының нысандарынан жабдық ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды POLISIA.KZ.

«Металл» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталғандай, күдікті бірнеше рет өндірістік жабдықтарды қолды еткен. Алғашқы хабарлама Теңге ауылындағы ұңғымадан екі шиберлі ысырманың жоғалғаны туралы түскен. Ұрланған жабдықтың жалпы құны 1,5 млн теңгеден асты.

Жедел іздестіру кезінде күдікті ұсталып, оның басқа да ұрлықтарға қатысы болуы мүмкін екені белгілі болды. Қазіргі деректер бойынша ол кәсіпорын мүлкін ұрлаудың алты жағдайына байланысты тергеліп жатыр.

ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция ұрланған жабдықтардың қайда екенін және басқа адамдардың қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Бүгін, 13:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.