Атырау, 8 қыркүйек 16:52
 дождьВ Атырау +20.9
$ 454.31
€ 528.04
₽ 5.25

Алматыда жабық сот өтіп, бұқаралық тәртіпсіздік дайындағандар сотталды

46 рет қаралды

Алматы қаласының Алмалы аудандық соты билікті күшпен басып алуды насихаттап, бұқаралық тәртіпсіздіктерге дайындалды деп айыпталған бес адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Сот процесі мемлекеттік айыптаушының өтініші бойынша жабық режимде өтті. Сот айыпталушылардың барлығына нақты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот тағайындаған жаза:

  • Қайсар Өзбек пен Талғат Әшіров — 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Оларға билікті басып алуға шақыру (179-бап), бұқаралық тәртіпсіздік (272-бап) және қару мен жарылғыш заттарды заңсыз айналымда сақтау (287-бап) баптары бойынша айып тағылған.

  • Абдуали Тағай, Асқар Нұрмаған және Дүйсенбек Жақашев — 5 жылға сотталды. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 179 және 272-баптары бойынша айыпты деп танылды.

Іс материалдарына сәйкес, айыпталушылар Астана қаласында бұқаралық тәртіпсіздіктер ұйымдастыруды жоспарлаған. Сондай-ақ тінту кезінде топтың екі мүшесінен жарылғыш заттар тәркіленген.

Айыпталушылар 2025 жылдың маусым айында ұсталып, содан бері қамауда отырған болатын. Сот отырысы барысында қорғаушы тарап тағылған айыптардың негізсіз екенін айтып, онымен келіспейтінін білдірді.

Бүгін, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.