Атырау, 8 қыркүйек 16:51
 дождьВ Атырау +20.9
$ 454.31
€ 528.04
₽ 5.25

​Қазақстаннан Сингапурға жаңа әуе рейсі іске қосылады

48 рет қаралды

20 қазаннан бастап «SCAT» әуе компаниясы Шымкент пен Сингапур арасында тұрақты әуе қатынасын ашады. Рейстер аптасына екі рет орындалады.

Жаңа маршруттың басты ерекшелігі – қазақстандық әуе тасымалдаушысының «әуе еркіндігінің бесінші дәрежесі» құқығын пайдалануы. Рейс Қытайдың Санья қаласы арқылы транзитпен ұшады.

Бұл әуе компаниясына жолаушыларды Қазақстан мен Сингапур арасында ғана емес, Қытай мен Сингапур арасында да тасымалдауға мүмкіндік береді. Жолаушылар Санья қаласына дейін ұшып барып, сапарын ары қарай Сингапурға соза алады.

Екі ел арасындағы әуе қатынасы туристік, инвестициялық және іскерлік байланыстарды дамытып, Қазақстанның Орталық Азиядағы транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтуға жол ашады.

Бүгін, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.