
Ғылым және жоғары білім министрлігі латын графикасына көшуге қатысты ресми пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, бұл бағыттағы жұмыс тоқтаған жоқ, әлі де жалғасып жатыр.
Министрліктің Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Эльмира Асан қазіргі уақытта латын графикасына негізделген әліпби жобасы мен емле ережелері жетілдіріліп жатқанын айтты. Ол жобалар тиісті нормативтік-құқықтық актілермен бекітілгенге дейін латын графикасының түрлі нұсқаларын қолдану негізсіз екенін түсіндірді.
Сонымен қатар, латын әліпбиіне көшудің нақты мерзімі әзірге белгіленбеген. Эльмира Асанның айтуынша, әліпбиді пысықтау жұмыстары жалғасуда, бірақ Үкіметтен нақты тапсырма берілгенге дейін дедлайн белгіленбейді.
Яғни, латын графикасына көшу процесі жүріп жатыр, алайда оның нақты қашан жүзеге асатыны әзірге белгісіз.
В Атырау +20.9