
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Назарбаев Зияткерлік мектептеріне (НЗМ) қатысты қаржыландыру мен оқушыларды қабылдау мәселесіне түсініктеме берді.
Министр Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында бұл мектептердің бағдарламаларын жабу немесе бюджетін қысқарту жоспарда жоқ екенін айтты. Үш жылдық қаржыландыру жоспары бекітіліп, 2028 жылға дейін толық келісілген.
Гранттар саны қысқармайды, қабылдау бұрынғыдай ротация принципімен жалғасады: қанша оқушы мектепті тәмамдаса, сонша жаңа грант бөлінеді.
Мемлекет осы мектептерге салынған ресурстарды тиімді пайдаланып, олардың әдістемесін жалпы білім беретін мектептерге енгізуді басты міндет ретінде қойып отыр.
Осылайша, НЗМ қаржыландыруы мен қызметі тұрақты түрде жалғасады, ал басты мақсат – жинақталған тәжірибені елдегі барлық мектептерге жеткізу.
В Атырау +20.9