
Ол алты қала тұрғынына құжат жасап беремін деп уәде беріп, жалпы 2,3 млн теңге алған.
Бірақ құжаттарды рәсімдемей, ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Прокуратураның мәліметінше, сотта оның кінәсі дәлелденді.
Айыпты кінәсін мойындап, шығынды ішінара өтегендіктен, оған үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Бұл уақыт ішінде ол пробациялық бақылауда болады және жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылады.
Сонымен қатар, сот шешімі бойынша ол пробация қызметін хабардар етпей тұрғылықты жерін немесе жұмысын өзгерте алмайды, алкогольмен байланысты ойын-сауық орындарына баруына тыйым салынады, түнгі 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін үйінен тыс жерде бола алмайды.
Жұмыссыз қалған жағдайда ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелуі міндеттелді.
В Атырау +14.2