
Ақмола облысының Макинск қаласында Mercedes автокөлігі сегіз жасар қыз баланы қағып кетті. Алған жарақаттарынан бала ауруханада қайтыс болды.
Қайғылы оқиға 7 қыркүйекте сағат 18:00 шамасында Московская көшесінде болған. Полицияның алдын ала мәліметінше, 2018 жылы туған қыз бала жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен.
Көлік қаққаннан кейін бала дәрігерлердің қолына жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Mercedes жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
В Атырау +14.4