
Қазақстанның Конституциялық Соты жұмыс беруші мен қызметкерге бәсекелестікке жол бермеу туралы келісім жасасуға мүмкіндік беретін нормалардың Конституцияға сәйкестігіне қатысты өтінішті қарауға негіз таппады.
Өтініш беруші Еңбек кодексінің 29-бабының 1 және 2-тармақтарына дау келтірген. Оның пікірінше, жұмыстан шыққаннан кейін бұрынғы қызметкердің әрекетін шектеу мүмкіндігі Конституция кепілдік беретін еңбек ету бостандығы мен кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығына әсер етеді.
Конституциялық Сот бәсекелестікке жол бермеу туралы келісім жұмыс беруші мен қызметкердің өзара келісімі негізінде жасалатынын атап өтті. Аталған бап жалпы сипаттағы талаптарды белгілейді, ал нақты тыйымдар, олардың мерзімі және басқа да талаптар заңнама нормаларын ескере отырып, тараптардың өздері айқындайды.
Бұл ретте мұндай келісімге енгізілген кез келген шектеу автоматты түрде заңды болып саналмайды. Нақты талаптардың жарамдылығын, айыппұлдың негізділігін және жұмыс берушіге келтірілген залалдың бар-жоғын еңбек дауын қарау барысында жалпы юрисдикция соттары бағалауы тиіс.
Конституциялық Сот шығарылған сот шешімдерін қайта қарамайды және жекелеген істердің нақты мән-жайларын анықтамайды. Осыған байланысты өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдауға негіздер анықталған жоқ.
В Атырау +14.4