Атырау, 7 қыркүйек 18:47
 дождьВ Атырау +28.2
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

​Астана әуежайында интернет пен мобильді байланыс неге үзілгені түсіндірілді

53 рет қаралды

Астана халықаралық әуежайы аумағында мобильді байланыс пен интернет жұмысында іркіліс болды. Бұған электр энергиясының апатты түрде өшіп қалуы себеп болды.

«Астана-ӨЭК» мәліметінше, 7 қыркүйекте сағат 10:24-те кабель желілерінің зақымдануына байланысты «Әуежай» қосалқы станциясындағы кернеуі 10 кВ болатын екі ұяшық ажыратылған. Соның салдарынан Әуежай аумағы мен Пригородный тұрғын үй алабының бір бөлігі уақытша электр жарығынсыз қалды.

Сағат 11:30-дан 11:42-ге дейін тұтынушылар резервтік желіге қосылды. Қазір электр энергиясы үзіліссіз беріліп жатыр, зақымдалған кабельдер жөнделіп жатыр.

Әуежайда барлық негізгі жүйелердің штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны хабарланды. Бейнебақылау камералары мен навигациялық құралдар іркіліссіз жұмыс істеп тұр, ұшып келу және ұшып кету рейстері кестеге сай орындалып жатыр.

Ұшу қауіпсіздігіне және әуе айлағының жұмысына төніп тұрған қауіп жоқ.

Бүгін, 17:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.