
Қазіргі уақытта Қазақстанда әйел ғарышкерді даярлау бойынша бөлек бағдарлама жоқ, алайда отандық ғалымдар ұзақ ұшулардың әйел ағзасына тигізетін әсерін зерттеуді жалғастырып келеді. Бұл туралы Space Days Kazakhstan форумының кулуарында ғарышкер, Халық Қаһарманы Айдын Айымбетов айтты.
Айымбетовтің айтуынша, еліміздің жетекші университеттері мен институттарының ғалымдары қазір басқарылатын ғарышты зерттеу саласы үшін жаңа ғылыми бағдарлама қалыптастырып жатыр. Сонымен бірге, тек әйелдерден тұратын экипаж жасақтау немесе нақты бір әйел ғарышкерді жіберу туралы айту әлі ертерек, дегенмен қазақстандық қыздардың әлеуеті өте зор.
«Мен өзімнің көптеген сұхбаттымда біздің қыздар жігіттердің өзіне дес бермейді деп айтқанмын. Қазіргі білім деңгейі көп жайттан хабар береді», — деп атап өтті ұшқыш-ғарышкер.
Жердегі эксперименттер жалғасады
Айымбетов нақты ғарышқа шығуға дейін Қазақстан бірегей жердегі зерттеулер сериясын жалғастыратынын нақтылады. Мамандар психологиялық-медициналық көрсеткіштер мен мидың когнитивті функцияларын зерттеу үшін оқшауланған кеңістікте ғарышта ұзақ болу жағдайын қайта жасақтауды жоспарлап отыр.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың қазан айында Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығында SANA-1 ұзақ уақыт оқшаулау бойынша ауқымды эксперимент өткен болатын. Оған Аэроғарыш комитетіне қарасты ұйымдардың төрт қызметкерінен құралған, ғарышқа ұшу жағдайындағы жұмысты модельдеген тек әйелдерден тұратын экипаж қатысты.
В Атырау +28.2