Атырау, 7 қыркүйек 18:08
 дождьВ Атырау +31.7
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

Баланың тегін анықтау ережесі Конституцияға сай ма: Конституциялық Сот заң нормаларын тексереді

47 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Конституциялық Сот баланың тегін анықтауға қатысты қолданыстағы отбасы заңнамасы мен Жоғарғы Сот қаулысының Конституцияға қаншалықты сәйкес келетінін тексереді. Тексеруге азаматтан түскен ресми өтініш негіз болды.

Сараптама барысында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 51-бабы 2-тармағының бірінші бөлігі, сондай-ақ Жоғарғы Соттың баланың тегін анықтауға қатысты істерді қарау жөніндегі нормативтік қаулысының 15-тармағы қаралады.

Өтініш иесінің пікірінше, бұл нормалар заңмен көзделген құқығын пайдаланған адамға артық міндеттер жүктейді әрі жағымсыз құқықтық салдарларға әкеп соқтырады. Атап айтқанда, даулы ережелер отбасылық кепілдіктерге, меншік пен мұрагерлік құқықтарына, сондай-ақ балаларды тәрбиелеу мен бағуға қатысты азаматтық міндеттерге тікелей әсер етеді.

Қазір аталған мәселе бойынша конституциялық іс жүргізу басталды. Істі қарау барысы мен соңғы шешім Конституциялық Соттың ресми ресурстарында жарияланады.

Бүгін, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.