Атырау, 7 қыркүйек 15:38
 дождьВ Атырау +31.7
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

Қарағандыдағы саяжай аумағында екі адам оққа ұшты

95 рет қаралды

Қарағандыда екі адамның мәйіті табылған қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде.

Полицияның мәліметінше, 6 қыркүйекте Әлихан Бөкейхан атындағы ауданның саяжай массивінде 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің оқ жарақаты бар денелері анықталған.

Әлеуметтік желілерде қылмыс «Оптимист» саяжай қоғамында болғаны, ал қаза тапқандар оның төрағасы мен қоғамдық белсенді екені жазылды.


Полиция қызметкерлері 56 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қарағанды облысының полиция департаментінің дерегінше, ол кінәсін мойындаған.

Аталған факті бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын және ықтимал себептерін анықтап жатыр.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды. Күдіктінің кінәлі немесе кінәсіз екенін сот шешеді.

Бүгін, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.