Атырау, 6 қазан 22:08
 дождьВ Атырау +14.4
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

3,7 миллиард теңге залал​: ҰҚК екі айдың қорытындысын шығарды

298 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Ұлттық қауіпсіздік комитеті биылғы шілде мен тамыз айларында 201 сыбайлас жемқорлық қылмысын тіркеп, 3,7 миллиард теңге көлеміндегі залалды анықтады.

Тіркелген фактілердің басым бөлігі пара алу, алаяқтық, тонау және қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану қылмыстарына тиесілі.

Заңбұзушылықтар бойынша 140 адам күдікті деп танылды. Екі ай ішінде 126 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 110-ы сотқа жолданды.

Анықталған 3,7 миллиард теңгелік залал сомасы тергеуі аяқталған істер бойынша есептелген.

7 қыркүйек, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.