
2026 жылдың 15 қыркүйегінен бастап Қытайда елге кіру және шығудың жаңартылған ережелері күшіне енеді. Өзгерістерге байланысты иммиграциялық бақылау мен құжаттарды тексеру процедуралары саяхатшылардан көбірек уақыт алуы мүмкін.
Авиакомпания ҚХР-ға және кері бағытта ұшуды жоспарлап отырған жолаушыларға бірқатар маңызды ұсыныс берді:
Әуежайға алдын ала келу: жолға уақыт қорымен шығып, тіркеуге ұшуға кемінде 3 сағат қалғанда келу қажет.
Құжаттарды тексеру: сапар алдында төлқұжаттың жарамдылығын алдын ала тексеріп, қытай тарапының өзекті талаптарымен танысқан жөн.
Сонымен бірге авиакомпания Қазақстан мен Қытай арасында өзара визасыз режимнің әлі де күшінде екенін еске салды. ҚР азаматтары ҚХР аумағында визаны ресімдемей-ақ бір сапар шегінде 30 күнтізбелік күнге дейін бола алады.
В Атырау +25.2