Атырау, 7 қыркүйек 12:01
 дождьВ Атырау +18.4
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

Алматыда криптовалюта түрінде заңсыз микронесие үлестірген сайт анықталды

93 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Alemcredit.com интернет-ресурсы арқылы азаматтарға криптовалюта түрінде микронесие беріп, алаяқтық жасау дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Азаматтарды арбау үшін әлеуметтік желіде тиімді қарыз туралы жарнама кеңінен таратылған.

Қарыз рәсімдеу үшін ұйымдастырушылар тұтынушылардан жеке басын сәйкестендіруді, дербес деректерін ұсынуды және электронды құжаттарға қол қоюды талап еткен. Алайда келісімшарт бекітілген соң, мәміленің нақты шарты бастапқы уәдеден түбегейлі өзгерген.

Қарыз алушыларға уәде етілген сомадан әлдеқайда аз қаражат аударылып, қалғаны алдын ала ескертілмеген комиссиялар мен өзге де төлемдер ретінде ұсталған. Сонымен бірге азаматтарға келісім жасалғанға дейін қарыздың толық құны, артық төлем мөлшері, сыйақы мен айыппұлдар туралы ақпарат толық берілмеген.

Алаяқтар ақшаны қайтару процесін третьи лицалардың, яғни «дропперлердің» банк карталары арқылы жүзеге асырған. Сайттың үздіксіз жұмысы мен қарыз алушылармен байланысты қамтамасыз ету үшін заңды тұлғаларды, телекоммуникациялық ресурстарды және техникалық құралдарды қамтитын тармақталған инфрақұрылым пайдаланылған.

Тінту барысында жедел уәкілдер жаппай SMS-хабарлама таратуға қолданылған SIM-бокстар мен өте көп мөлшерде SIM-карталарды тәркіледі.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.


Бүгін, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.