Атырау, 6 қазан 22:06
 дождьВ Атырау +14.4
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

16 жастағы қызды тұншықтырып, денесін каналға тастаған ер адамға 20 жыл жаза берілді

566 рет қаралды

Шиелі ауданында 16 жастағы қызды өлтіргені үшін 22 жастағы ер адам сотталды. Ол орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзету мекемесінде жазасын өтейді.

Қайғылы оқиға 2026 жылдың маусымында болған. Жасөспірім үйінен шығып, құрбысына баратынын айтқан, бірақ қайтып оралмаған. Бір тәуліктен кейін оның денесі Жахаев атындағы каналдан табылды.

Тергеу деректеріне сәйкес, қыз әлеуметтік желіде болашақ қылмыскермен танысқан. Үйленген ер адам оны каналға апарып, жанжал кезінде тұншықтырып өлтірген. Марқұмның мойнынан сым табылған.

Күдікті көп ұзамай ұсталды, оның бұрын да сотталғаны анықталды. Сот оны ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 14-тармағы бойынша — кәмелетке толмағанды қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп таныды.

Соңғы сөзінде айыпталушы кінәсін мойындап, қыздың отбасынан кешірім сұрады. Сот оған 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, 10 млн теңге моральдық өтемақы және 2 162 теңге мемлекеттік баж өндірілді.

4 қыркүйек, 22:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.