
Соңғы уақытта интернетте өзін «емші», «көріпкел» немесе «балгер» ретінде таныстыратын адамдар көбейген.
Олар азаматтарға «балаңыз қатты дуаланған» деп сендіріп, ақылы түрде «ем жүргізуді» немесе «дуаны қайтаруды» ұсынады.
Алаяқтар адамдардың қорқынышы мен сенімін пайдаланып, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы байланыс орнатады. Кейін «емдеу», «қажетті заттарды сатып алу» деген желеумен ақша аударуды талап етеді.
Полиция тұрғындарға мынадай кеңес береді:
Бейтаныс адамдардың «емдеймін», «көз тиюден арылтамын» деген уәделеріне сенбеңіз;
Таныс емес есепшоттарға ақша аудармаңыз;
Жеке деректер мен банк картасы туралы мәліметті ешкімге бермеңіз;
Қорқынышқа бой алдырмай, ақпаратты бірнеше дереккөзден тексеріңіз;
Күмәнді жағдай болса, хат алмасу мен түбіртектерді сақтап қойыңыз.
Егер сізден осылай ақша талап етсе немесе алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу 102 нөміріне хабарласу қажет.
В Атырау +29.6