Атырау, 4 қыркүйек 14:47
 дождьВ Атырау +29.1
$ 455.86
€ 528.84
₽ 5.25

Некеде салынған үй ортақ меншік деп танылды

110 рет қаралды
ЖИ жасаған сурет
ЖИ жасаған сурет

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот бұрынғы ерлі‑зайыптылар арасындағы тұрғын үйді бөлу жөніндегі дауды қарады.

Іс материалдарына сәйкес, жер учаскесі ерлі‑зайыптылардың біріне некеге дейін берілген. Алайда неке кезеңінде олардың ортақ қаражаты есебінен 231,7 шаршы метр тұрғын үй салынып, 2011 жылы пайдалануға берілген. Сараптама жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын 158 млн теңгеден астам деп бағалады.

Бірінші сатыдағы сот жер учаскесінің некеге дейін алынғанын негізге алып, талапты қанағаттандырмаған. Апелляциялық сот бұл шешіммен келіспей, үй мен жер учаскесін ажыратуға болмайтынын және некеде ортақ қаражатпен салынған үйдің құны мүлікті ортақ меншікке айналдыратынын атап өтті.

Нәтижесінде жылжымайтын мүлік ерлі‑зайыптылардың ортақ меншігі деп танылып, үлестер тең бөлінді. Үй мен жер учаскесі жауапкерге қалдырылып, ол жұбайына 79 млн теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттелді.

Кассациялық сот апелляциялық алқаның қаулысын күшінде қалдырды. Шешім ҚР «Неке (ерлі‑зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 36-бабына негізделді.

Бүгін, 13:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.